Шағалалардың қырылу себебі анықталды

29 Маусым 2022, 16:32 1332

Қазір қырылған шағалалардың саны 2750–ге жетті

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында «Шағала» қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

«Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, онымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды. Зерттеу нәтежиесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.

Бөлісу: