Шәпкенов: Өңірде нақты жобалар қолға алынады

22 Шілде 2022, 21:23 1683

Компаниялардан жоспарлы түрде босатылған азаматарды жаңа жұмыспен қамту бағытында жоспарларды жүзеге асыру міндеті тұр.

Атырау облысының әкімі Жылыой ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп хабарлайды EL.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, тұрғындар сауалына жауап беріп, ұсыныстарды тыңдады. 

Жылыойлықтар әлеуметтік мәселелерден бөлек, экология, жастарды қолдау, тұрғындар үшін мәдени-рухани шараларды жиі ұйымдастыру және т.б мәселелерді көтерді. Әсіресе азаматтар ауданда орналасқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігер мекемелеріне қатысты сұрақтарды қозғады.

Аймақ басшысы жақында өңірімізге келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жұмыс сапары аясында  «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігерлік ұйымдарында жұмыстан босатылғандарды жұмыспен қамту мәселесі төңірегінде орындалатын жоспарлар туралы хабардар етті.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың табысын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Сол себепті ТШО мен оның мердігер компанияларынан жоспарлы түрде босатылған азаматарды жаңа жұмыспен қамту бағытында жоспарларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы мақсатта жауапты министрлік, ТШО компаниясы мен әкімдік нақты іс-шаралар жоспарына меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес, жұмыстан босаған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды қайта оқыту курстарынан өткізу және т.б бойынша мәселелерді жүзеге асыру бойынша жоспарлар бар- деді С. Шәпкенов.

Бұдан бөлек Серік Шәпкенов 30-ға жуық тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. 

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Жылой ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

EL.KZ
Бөлісу: