ШҚО-да екі жылда 15 мектеп салынады

11 Қыркүйек 2022, 08:43 1617

Сондай-ақ, кездесуде өңірдің әлеуметтік саласын реформалау мәселелері талқыланды.

Шығыс Қазақстанда облыстық Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының алаңында ҚР Президентінің Жолдауын талқылауға арналған ҚХА мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің және азаматтық қоғам өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды EL.KZ altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараға Ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Мекеева, облыстық атқару комитетінің басшысы Альмира Мусинова, "ШҚО Қазақстан Азаматтық Альянсы" ЗТБ төрағасы Олег Чернышов қатысты.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Мекеева Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, кездесуде өңірдің әлеуметтік саласын реформалау мәселелері талқыланды.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина облысымыздың өзекті мәселелерінің бірі мектепке дейінгі мекемелерде орындар ұйымдастыру болып табылатынын айтты.

"Білімді ұлт" ұлттық жобасы бекітілді, онда білім беру саласында қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталды, оның ішінде балабақшаларға кезектілікті жою, - деп қосты спикер.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" жобасы әзірленуде, оның аясында 2025 жылға дейін облыста 15 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

Биыл төрт жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Солардың бірі Риддер қаласында ашылды. Қалған үшеуі – Қасым Қайсенов кентінде, Күршім ауданының Урунхайка және Жолнұсқау ауылдарында салынады, - деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.
EL.KZ
Бөлісу: