17.10.2023
08:18
1280
Сейсенбіде кей өңірде үсік жүреді

Сейсенбіде кей өңірде үсік жүреді

Қазгидромет синоптиктері 17 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. 

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.