17.11.2024
20:15
2595
Сейфуллин Жолбарыстың әйелімен екі жыл бұрын ажырасқаны белгілі болды

Сейфуллин Жолбарыстың әйелімен екі жыл бұрын ажырасқаны белгілі болды

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Вайттың ажырасқаны расталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Екатеринның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әншінің экс-жұбайының сөзіне қарағанда, жұлдызды жұп осыдан екі жыл бұрын екі бөлек кеткен.

Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз, - деп жазды ол.