Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жаңа ережелер спортшылардың діни сенім бостандығына ешқандай шектеу қоймайтынын, тек олардың жария түрде насихатталуын реттейтінін атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы BAQ.KZ сайтыны сілтеме жасап.
Серік Жарасбаевтың айтуынша, әркімнің дінге көзқарасы әртүрлі, ал Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде бұл мәселеде ешқандай шектеу қоюға тиіс емес.
Қазақстан Конституциясы да, Олимпиадалық хартия да, қолданыстағы заңнама да діни-сенім бостандығын шектемейді. Жаңа ереже осы нормаларды қуаттайды. Біз тек спортшылардың өз діни сенімдерін көпшілік алдында насихаттап, үгіттеуіне жол бермеу қажеттігін ескертіп отырмыз, – деді вице-министр.