07.12.2025
00:16
777
Серік Теміржанов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Серік Теміржанов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

6 желтоқсанда Қазақстан құрамасынан рингке соңғы болып Серік Теміржанов шықты. Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионатында ол Моңғолия боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, бүгін шаршы алаңға көтерілген барлық қазақстандық боксшы өз жекпе-жектерінде басымдық танытты. Алдымен 75 келіде Сабыржан Аққалықов қарсыласын еш қиындықсыз жеңсе, артынша 51 келідегі Даниял Сәбит пен 54 келідегі Сәкен Бибосынов та жарысты сенімді түрде бастады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы екі күнінде де Қазақстан құрамасының төрт бірдей боксшысы рингке шығып, барлығы келесі айналымға жолдама алған еді.