Серік Сәпиев: Су тасқынынан зардап шеккендерге сөзбен емес ісімізбен көмектесейік

7 Сәуір, 12:42 590

Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Instagram желісіндегі парақшасында еліміздің көптеген өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Еліміздегі су тасқынынан қатысты пікір білдіріп, қолдау көрсеткім келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасап, зардап шеккен әрбір адамға көмек көрсетілетінін айтты. Бұл өте қуантады, - дейді С.Сәпиев.

Сондай-ақ, ол өңірлерге көмек көрсетіп жүрген елордалықтардың еңбегін ерекше атап өтті.

Біз өз кезегімізде Астанадағы волонтерлермен және белсенділермен бірге қаражат жинап, зардап шеккен аймақтарға жүк көліктерін жөнелтіп жатырмыз, яғни қоғам болып, бар күшімізді салып жатырмыз. Сондықтан, қымбатты достар, бірлігіміз мықты болып, біріге жұмылайық, қиындықтарды бірге жеңейік. Себебі, бәрі өтпелі, бұл қиындықтан да өтеміз. Біз мұны шеше аламыз! Құрметті отандастар! Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге сөзбен емес, іс жүзінде көмек көрсетейік, - деп атап өтті Серік Сәпиев.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: