Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді

12 Шілде 2023, 23:12 806

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталып жатқан Серік Күдебаев құқық қорғау органдарымен процессуалдық келісімге келмек, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының Кеген аудандық сотының мәліметінше, Серік Күдебаев тарапынан процессуалдық келісім жасау жөнінде өтініш түскен.

Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастыратын болды.

Осы уақыт ішінде сотталушы мен оның қорғаушысы процессуалдық келісімнің жай-жапсарын талқылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.

Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Сондықтан оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: