26.06.2022
07:19
2108
Сергей Морозов UFC Vegas 57 турнирінде жеңске жетті

Сергей Морозов UFC Vegas 57 турнирінде жеңске жетті

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC Vegas 57 турнирінде бразилиялық қарсыласы Раулиан Пайваны жеңді, деп хабарлайды El.kz.

Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңісі Сергей Морозовтың еншісіне жазылды. 

Нәтижесі: 29-28, 29-28, 29-28.

Осылайша 33 жастағы Морозов UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетсе, ал ММА-де барлығы 18 жеңіс, 5 жеңіліс бар.

26 жастағы Пайва UFC турнирінде қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады.