13.04.2024
00:47
1040
Сергеев су қоймасындағы ахуал қандай

Сергеев су қоймасындағы ахуал қандай

Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД өкілі Сергеев су қоймасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, Сергеев су қоймасының толымдылығы 173% құрайды, осы сағатта су қоймасына аққан су – 382 см.

Бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда бұл аз. Тарихи максимум 425 см болды, бірақ Петропавл қаласының 3 ауданын су басу қаупі сақталуда, - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Еріген қар сулары аса қауіп төндірмейді, қар жамылғысы - 10% дейін жетеді. Бірақ Есіл өзеніндегі су тасқыны аймаққа қауіп төндіріп тұр.

564 үй су астында қалды. 3421 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1054 бала. 44 адам үйлеріне оралды, оның ішінде 8 бала, - деді спикер.

Жалпы, 4593 адам және 853 бірлік техника, 476 мотопомпа және 110 жүзу құралы жұмылдырылды.

Қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп түйіндеді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы.