Сербияда үш күндік аза тұту жарияланды

3 Мамыр 2023, 22:10 1003

Сербияның білім министрі Бранко Ружич 5 мамырдан бастап елде үш күндік аза тұту жарияланғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар 3 мамырда екінші ауысымда сабақ болған жоқ.

Бүгін екінші ауысымда сабақ болған жоқ. Ертең сабақтар бір минуттық үнсіздіктен басталады, - деді министр.

Бұған дейін Белградтағы мектепте атыс болып, салдарынан тоғыз адамның көз жұмғаны айтылған. Ал атысты 7 сынып оқушысы ұйымдастырды. Ол алдымен күзетшіні атып өлтіріп, сонан соң оқушыларға оқ жаудырған. 

Полиция 14 жастағы жасөспірімді ұстады. Мұғалімдер оның тәртіпті оқушы болғанын айтуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: