Сербияда Аза тұту күні жарияланды

2 Қараша, 13:47 360

Сербия халқы ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы ел президенті Александр Вучич мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

BBC News-тің мәліметі бойынша қайтыс болғандар саны оннан асқан.  

Бұл соңғы сан деп үміттенеміз, 14 адам көз жұмды. Біз олардың ішінде бес адамды анықтай алмадық», - деді Вучич қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң.

Құтқару операциясы көп ұзамай аяқталды. Қаза тапқан 14 адамнан басқа үш адам жарақат алған.  

Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өтті, одан кейін 5 шілдеде ресми ашылуы үшін биыл тағы жөндеуден өткен екен. 

Сербия билігі сенбі аза тұту күн деп жарияланып отыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: