Сенатта Салық кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды

21 Ақпан 2023, 15:37 899

Сенатта Салық кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын талқылады.

Заң жобасында сотқа жүгінетін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген және жеке адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады. Заң жобасында сонымен қатар мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, барлық санаттағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу көзделеді.

EL.KZ
Бөлісу: