Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар күн тәртібіне шығарылған заң жобаларын қарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар күн тәртібіне шығарылған заң жобаларын қарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы сенаторлар заң жобасын қолдады. Алайда құжатты қарау барысында депутаттар оған бірқатар өзгерту енгізуді ұсынды. Соған байланысты сенаторлар ұсынған түзетулер енгізіліп, заң жобасын Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген рулі оң жақта орналасқан автокөліктер бойынша бастапқы тіркеу мүмкіндігін беру ұсынылды. Бұл 20 мыңға жуық азаматымызға өз көліктерін заңдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сенаторлар азаматтардың банктік, салықтық құпиясына қол жеткізу мәселелеріне қатысты уәкілетті органдарға негізсіз кең өкілеттіктер беретін жекелеген ережелерді алып тастады. Осы заң қабылданғаннан кейін халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Сенаторлар бұл құжатқа сот жүйесінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне байланысты өзгертулер енгізуді ұсынды. Нәтижесінде Сенаттың түзетулері енгізіліп, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Палата отырысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын да жолдады.
Ольга Булавкина өңірлердегі энергетикалық жабдықтар мен тазарту нысандарының әбден тозғанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Сенатор энергетикалық стратегияны әзірлеуді, сондай-ақ қалалар мен аудандардың кәріз тазарту нысандарын тозығы жеткен инфрақұрылым аудиті нысандарының тізіміне енгізуді ұсынды.
Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысында жергілікті шаруалардың жер учаскелері жаңа облыстың құрылуына байланысты тиісінше қайта ресімделмеген жағдайда, олар үшін мемлекеттік субсидиялар қолжетімсіз болып қалуы мүмкін екенін айтып, мәселе көтерді.