Сенатор зергерлердің жұмысына кедергі келтіретін себептерді атады

15 Желтоқсан 2022, 14:43 1330

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев қазақстандық зергерлердің жұмысын қиындатып отырған кедергілер туралы еліміздің Премьер-Министріне жолдаған сауалында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттың айтуынша, Қазақстан алтын өндіру бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына кіреді. Бірақ зергерлік отандық өндіріске алтынның негізгі жеткізушілері – ломбардтар мен көлеңкелі нарық қатысушылары болып табылады.

Сенатор еліміздің зергерлік өнеркәсібін дамытуға, яғни жаңа жұмыс орындарын ашуға және бюджет түсімдерінің өсуіне бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.

Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы елдің зергерлік бұйымдар нарығы 76 млн $ құрады, оның тек 4 млн $, яғни 5%-ы ғана отандық зергерлік бұйым құрайды. 

«Осы орайда жұмысты көлеңкелі импортқа қарсы күресті күшейту және контрабанданы шектеу, қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шараларын енгізу арқылы қазақстандық зергерлік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ломбардтардың пайдалануда болған зергерлік бұйымдарды тек қана ішкі нарыққа өткізуін міндеттеу, отандық зергерлердің құзыретін күшейтуді ұсынамын», - деді депутат.

EL.KZ
Бөлісу: