Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды

23 Мамыр, 12:02 579

Сенат отырысында депутат Нұртөре Жүсіп әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, 90 жылдардың басындағы ауыртпалық аналардың иығына артылды. Отбасын асыраушы әйелдер көбейді. 

Статитситкалық деректерге сәйкес, бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздар саны 452 мың 669 адамды құрайтын болса, оның 242 мың 173-і әйелдер екен. Яғни, жұмыссыздардың тең жартысы әйелдер қауымы. Бұл дерек Үкіметті ойландыра ма? Жақында сенат төрағасы мен бірге Астана қаласындағы әйелдерге білім-ақпаратттық кеңес беруге арналған "Бақытты отбасы" орталығында болдық. Орталық 2021 жылы көпбалалы, жалғыз басты және мүмкіндігі шектеулі, ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналарды қолдау мақсатында құрылған. Қазіргі кезде әртүрлі кәсіп бойынша 20-дан астам курс ұйымдастырып, дизайын, моделдеу, тігін тігу, аспаздықты үйрету бойынша талай нақты жұмыстарды атқарып жатыр, – деді сенатор. 

Сенатор премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында осындай орталықтарды көптеп ашу керегі жөнінде ұсыныс тастады. 

Әсіресе, облыс орталықтарында көптеп ашуға қалай қарайсыз? Үкімет тарапынан арнайы гранттық көмектер беруге мүмкіндіктеріңіз бар ма? Осындай үлгідегі орталықтардың өнімдерін нарыққа шығаруға, қорғаныс, медицина, мәдениет салалары бойынша жүйелі тапсырыстар қалыптастыруға мүмкіндік бола ма? Қазақтың ұлттық қолөнерін қайта жаңғырту ісіне шеттен келген қандастарды тартып, олардың әлеуетін кеңінен пайдалануға қатысты не айтасыз?, – деді депутат Нұртөре Жүсіп. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: