Сенатор Алтынбек Нұхұлы археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды

23 Мамыр, 12:30 697

Сенатор Алтынбек Нұхұлы археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутат бүгін «Алтын адам» тапқан атақты археолог Кемел Ақышевтың 100 жасқа толғанын атап өтті.

Әлемді дүр сілкіндірген «Алтын адам» қазақ тарихының біте қайнасқан ажырамас бөлігі. 55 жыл бұрын Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылғанда дүниежүзінің назары Қазақстанға ауып, баға жетпес олжаға қазақ елі кенеліп қана қоймай, әлемдегі ғасыр жаңалығы болып, әйгіленгені баршамызға мәлім. Қазақ елі тәуелсіздігінің нышанына айналған «Алтын адам» Алматыдағы «Тәуелсіздік монументінің» ұшар басында ұлы даланың даңқын асқақ етіп тұрса, оны тапқан адамның есімі еліміздің тарихынының бетіне алтын әріптермен жазылды, – деді депутат.

Сенатор Бозоқ қаласындағы ашылатын ұлттық паркке Кемел Ақышевтың есімін беру және парк кіреберісіне археологтың ескерткішін қоюды ұсынды. Соынмен қатар ғалымның қызмет атқарған Алматы мен Астана қалалары, туған жері Павлодар облысы және "Алтын адам" табылған Алматы облысында көшелер мен мектептерге есімін беру, сол мектептерде музейін ашуды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: