Сенат ұлттық қауіпсіздік туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды

14 Желтоқсан 2023, 12:48 825

Сенат Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдамай, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев заңның жекелеген баптары мақұлданбай, заң олардың жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарылғанын айтты.  

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев заңды талқылау барысында бірқатар түзету енгізу қажеттілігі туындағанын атап өтті. Сөзінше, заң Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.

Адам құқығы мен бостандығын шектеуге қатысты нормаларды ҚР Конституциялық соттың нормативтік қаулысына сәйкес келтіру, мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді беру тәртібін айқындау жөніндегі құзыретті белгілейтін қайталанатын нормаларды алып тастау, алдын ала тергеу қызметінде аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату, олардың жауапкершілік деңгейін айқындау, үш буынды модельді нормаларды қолданысқа енгізу мерзіміне қатысты. Заңның кейбір ережелерін қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес келтіру ұсынылды, - деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Айта кетейік, салыстырмалы кестеге жалпы 8 өзгерту енгізілді.

Миражан Махан
Бөлісу: