Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады

3 Қараша 2022, 11:27 2420

Бұл құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыруға бағытталған

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды El.kz

«Конституциялық Заң жобасының мақсаттары Конституциялық Сотты құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгертулерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, Негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 67 баптан тұрады. Мазмұны бойынша жобаны екі бөлімге бөлуге болады. Біріншісі – ол Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесі, олардың кепілдіктермен қамтамасыз етілуі. Ал екінші бөлім конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналған», - деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.

Конституциялық Сот еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады және биліктің сот тармағына жатпайды, өйткені бұл мәселе Конституцияда түпкілікті шешілді. Заң жобасында Конституциялық Сот судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне байланысты мәселелер егжей-тегжейлі регламенттелген.

EL.KZ
Бөлісу: