«Сен кімсің деп айтар едім». Бадықова киносын сынаған Тұрсыновқа жауап берді

1 Ақпан, 15:14 5513

Жақында белгілі киножериссер Ермек Тұрсынов актриса Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені» фильміне сынға алған болатын. «Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді» деген Тұрсыновтың сөзі Бадықоваға ұнамай қалыпты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кей сынға, мінге бас қатырмау себебім, менде үлкен қару - халық бар. Ел қол соғып, көрерменнің көңілінен шығу үшін барынша шынайылық керек. Менде пендемін ғой. Менің қателіктерім өте көп. Менің тек өнерімді ғана қабылдаңыздар деймін, - деді актриса «Aq pen Qara» подкастында.

Ол осы ретте өзі түсірген «Таптым-ау, сені»  фильмін сынға алғандарға жауап берді.

Халықты төмендетіп, «Деградация», «Халықтың деңгейі жеткен жері осы екен», «Халық деген осындай» деп, уын шашып отырғандар бар. Халықты қолыңа қару қылып, манипуляция жасайтын сен кімсің? Ермек аға болсын, басқасы болсын, «Халықтың деңгейі дейтіндей» сен кімсің? Қазір әр бір үйде 1045 арна бар. Халық қазір өзі біледі не көретінін. Үш арна көріп отыратын баяғыдай 90-шы жылдар емес қой. Халықты төмендетіп, өзін биік ету - мен үшін өте төмен деңгей. Кімсің сен, халықты төмендететін? Халық өнерді әр түрлі қабылдайды. Халықта жүрек бар, жан бар. Әркімнің өз тұрмыс-тіршілігі, бала-шағасы бар. Халық өзіне керегін алып, керек емесін сызып тастайды. Олар да ақымақ емес қой. Халық қорқынышты фильмді де көреді. Желіні ашады да, қалаған жанрын көреді. Біз бірнәрсе түсірсек, «Ондайды көрмеу керек. Соттау керек» дейді. «Таптым-ау, сені» фильмі қандай сотқар нәрсе көрсетеді? Қазақтың қанын шығарды ма?, - дейді Дариға Бадықова.

Айта кетейік, Ермек Тұрсынов «Мүмкін емес» бағдарламасында актриса Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені» фильмі деградация деп айтқан.

Алмас Абылай
Бөлісу: