Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Руслан Курбанов ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық Олимпиада комитеті отандасымыздың семсер қаруымен айқасудан 1/8 финалға сәтті түрде шыққанын мәлімдеген болатын. Бұл кезеңде отандасымыз Беларусь спортшысы Марк Семоненкомен кездесіп, қарсыласы 14:13 есебімен жеңіске жеткен-тін.
Осылайша отандық семсерлесуші Руслан Курбанов жарысты тоғызыншы орынмен аяқтап отыр.
Бұған дейін семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Курбанов 1/8 финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.