26.09.2023
18:11
1152
Семсерлесуші Эльмир Әлімжанов қола медаль жеңіп алды

Семсерлесуші Эльмир Әлімжанов қола медаль жеңіп алды

Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан қоржыны семсерлесу спорты бойынша жүлдемен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жартылай финалда біздің спортшы жапондық Коки Канодан 9:15 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша қазіргі кезде Қазақстан құрамасының қоржынында екі күміс және жеті қола медаль бар.