Семсерлесуден ел біріншілігі: шпагашылар арасында кім топ жарды

27 Мамыр, 00:08 745

Семсерлесуден Астанада өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде ерлер шпагасынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Париж Олимпиадасына жолдама алған ұлттық құрама мүшелерінің толық қатысуымен өткен сында алтын медальді Шығыс Қазақстан облысының өкілі Кирилл Павлов жеңіп алды.

Күміс медальді Эльмир Алимжанов еншілесе, қоланы Руслан Курбанов пен Богдан Лукин еншілеген. 

Ал Ерлік Сертай – 5, Вадим Шарлаимов 8-орында. 

Зарина Арман
Бөлісу: