Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы - қола жүлде.
Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.