Семейлік пікірсайыс клубы республикада үздіктер қатарынан көрінді

Кеше, 18:15 169

Астанада «Ozgerteam» ҚҚ ұйымдастыруымен «Sanaly Orta» ұлттық байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсаты пікірсайыс технологияларын насихаттау және Қазақстандағы мектептегі дебат клубтарының дамуына қолдау көрсетуге бағытталып отыр. 

Абай облысының атынан қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының «Кел, балалар, оқылық!» дебат клубы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық пен еліміздің ең үздік пікірсайыс клубы атағына ие болды.  

Клубтың пікірсайыс қозғалысын жандандыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған «Sapa» жобасы ұсынылды. Жобаның өзектілігі мен инновациялық идеялары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: