27.09.2022
06:20
1936
Семейге "Сергек" қаптайды

Семейге "Сергек" қаптайды

Семейде бір жарым мыңнан астам "Сергек" орнатылады. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейтін болады, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары 1 қазаннан бастап жылдамдықты асыру, белгілеуді кесіп өту және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін айыппұлды электронды түрде ала бастайды. Барлық заңбұзушылықтар бірыңғай орталыққа беріледі. 

Айта кетейік, Семей еліміз бойынша «Сергек» жүйесі енгізілген төртінші қала болмақ.