03.12.2022
14:13
1170
Семейдегі көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты

Семейдегі көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты

Семей қаласындағы көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2 желтоқсан күні сағат 17.25-те Ғаббасов көшесіндегі жылу жүйесінде ақау шыққан. Оқиға орнына бірден тиісті мамандар аттанып, жедел ден қою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, ақаулар жойылды.

«Сондай- ақ «Теплокоммунэнерго» МКК қызметкерлері шұғыл әрекет жасап, жылу жүйесін ретке келтірді. Бүгін сағат 10:15-те жылу көзінің жұмысы штаттық режимде қайта іске қосылды. Қазір үйлерге жылу тұрақты түрде беріліп жатыр», - делінген ақпаратта.