16.08.2025
23:54
366
Семейде жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды

Семейде жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды

Семейде 13 жастағы Амина Мұхтарды іздестіру жұмыстары аяқталды. Ол 16 тамызда із-түзсіз жоғалып кеткен еді, деп жазады El.kz интернет порталы.

Қыз бала Шығыс кентінің маңынан табылды, бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, жасөспірім ата-анасымен болған жанжалдан кейін үйден кетіп қалған. Оны көріп қалған әпкесі бірден полицияға хабарлаған. Құқық қорғаушылар мен туыстарының бірлескен әрекеттерінің арқасында қыз үйіне аман-есен қайтарылды.

Үйден кетудің себебі – телефонды қолдануға қойылған шектеулерге байланысты жанжал, – деп нақтылады полиция.

Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Департамент ата-аналарға балалармен көбірек сөйлесуге кеңес берді.

Іздестіру жұмыстары аяқталды. Қыз ата-анасының жанында.