17.05.2024
10:22
3382
Семейде жоғалған ағайынды жасөспірімнің бірі өлі табылды

Семейде жоғалған ағайынды жасөспірімнің бірі өлі табылды

Семейде жоғалып жеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оларды іздеуге Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтар тартылған еді.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды. Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр. Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.