Семейде жедел жәрдем бригадалары арасында республикалық спартакиада өтеді

5 Тамыз 2023, 22:48 1123

11 тамызда Абай облысының орталығы Семей қаласында жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасына еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар қатысады.

Іс-шараның мақсаты – жедел медициналық көмек көрсету сапасын және Қазақстан Республикасы жедел медициналық қызмет медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Клиникалық станциялар бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарыстары жедел коронарлық синдром, полижарақат, балалар реанимациясы және жаңа туған нәрестені реанимациялаумен үйде босану және т. б. кезінде жедел медициналық көмек көрсету сияқты түрлері бойынша өткізіледі.

Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы жергілікті билік органдарының қолдауымен өткізіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: