14.08.2024
00:08
1308
Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт қылды

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт қылды

Абай облысының орталығы Семей қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Аталған факті бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 13 тамызда сағат 21.28-де Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында болған. ППБ командирінің орынбасары Самар Әміреновтің айтуынша, жарақат алған ер адам оқиға орнында өайтыс болды. Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.