Семей полициясы жоғалған баланы табу үшін тұрғындардан көмек сұрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Абай облыстық полиция департаменті 2012 жылы туған Амина Мұхтарды іздеп жатыр. Ол 16 тамыз күні Бөдене көшесі, 49-үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған.
Белгілері: бойы шамамен 150 см, арық денелі, қара шашты, қоңыр көзді, өңі қараторы. Үстінде ақ-сұр түсті кепка, сұр жейде, қара шалбар мен кроссовка болған. Қолында көк түсті рюкзак болған.
Амина туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу сұралады.