Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды

13 Қазан, 20:00 782

Семейде шағынаудандардың бірінде сағат күндізгі 12.00 шамасында жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды. Ондағы мәліметке сүйенсек, шақалақ шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Нәрестенің дүниеге келгеніне шамамен небәрі бір күн болған екен. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі терегу басталды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: