Семейде төтеншеліктер су тасқынымен қалай күресіп жатқаны белгілі болды

26 Наурыз, 23:02 615

Төтеншеліктер Семей қаласы Өзеркі ауылдық округінің Қаракөл ауылындағы  су басу қаупіне байланысты жұмыстар туралы айтып берді. Қазіргі уақытта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, температуралық фонның жоғарылауына, сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты далалы жерден еріген қар суы елді мекеннің ортасымен келді. Қазіргі уақытта ЖАО күшімен 10 адам және 4 техника еріген  қар суын бұру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Абай облысы ТЖД күштері мен құралдарынан жеке құрамның 13 адамы 4 техникасы мен 4 мотопомпа ауылға жеткізілді.

Қазіргі уақытта 4 аула аумағына су кірген. ТЖД қызметкерлері елді-мекеннің аулаларын аралау арқылы мониторинг жүргізуде. Қосымша 68303 әскери бөлім күштері мен құралдары есебінен жеке құрамның 20 адамы және 1 техникасы жіберілді. Сонымен қатар, еріген қар суы Семей-Қарауыл автожолы төсемінің үсті арқылы өткен. Қазіргі сәтте еріген қар суының толуы тоқтатылды,-делінген министрлік мәліметінде.

"Семей Жолдары" ЖШС 4 адамы және 2 техникасы көмегімен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 

Зарина Арман
Бөлісу: