Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген жігітке сот үкімі шықты

17 Шілде, 10:27 1307

Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.

Сот күдіктіні қылмыстық кодекстің «Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойырша  кінәлі деп тапты.

ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Галушкин Александр Владимирович кінәлі деп танылсын және 10 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелсін. Сондай-ақ 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді үкімді оқыған судья Лариса Федосова.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: