Семейде судьяны қорлаған сотталушы жазаланды

24 Шілде, 17:35 438

Семейде судьяны қорлаған сотталушы жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семей қаласының №2 сотында судьяны құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан.

Сотталушының сөзінде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді.

Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: