Семейде сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мәселесін айтты

10 Ақпан, 17:42 702

Семейдегі «Ақшың» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерді облыс әкімі жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қабылдауда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары көтерілді. Зейнеткерлік жасқа толған кәсіпкерлерге баса назар аударылды. Оларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылды. Басқа ұсыныстар да қарастырылды.

2024 жылдың үшінші тоқсанында Семей қаласында коммуналдық азық-түлік сауда орнын ашу жоспарланып отыр. Онда бизнес өкілдері үшін де жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жеке қабылдау барысында әрбір кәсіпкерлердің көтерген сұрақтарын шешу үшін алдағы уақытта атқарылатын нақты жұмыс алгоритмі ұсынылды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: