Семейде сабақ үстінде мектеп төбесі опырылып түсті

6 Мамыр, 10:00 2099

Семейде білім ордасының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Massaget.kz тілшісі хабарлағандай, оқиға №43 орта мектеп ғимаратында болған.

Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады білім бөлімі.

Мектеп басшылығы сол күні жөндеу жұмыстары жасалатынын айтқан.

Мектеп 1936 жылы салынғаны белгілі болды, шатыры ағаштан жасалған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: