Семейде қыз баланы зорлаған ер адам 25 жылға сотталып кетті

23 Шілде 2023, 16:24 1207

Семей қаласында 9 жастағы қыз баланы зорлаған 48 жастағы ер адам 25 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы "Не молчи" қорытының жетекшісі Дина Смайылова әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның жазуынша, Абай обылсындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен өрімдей қызды зорлаған ер адам алдағы өмірін тар қапаста өткізетін болды. 

Зорлаған адам 25 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі кологияда өтейді. Ал бұл шектен шыққан озбырлық әрекеті өткен жылдың тамыз айында болған. Зардар шеккен қыздың анасы қылмыскердің көрші болғанын айтқан. 

 

 
Асқар Таудай
Бөлісу: