12.10.2025
10:20
362
Семейде қала әкімі сайлауы басталды

Семейде қала әкімі сайлауы басталды

Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазірде шаһарда 128 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, оның ішінде 110 - ашық, 18 - азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаске (жабық).

Комиссиялардың жалпы құрамы – 929 азаматты құрайды. Ал сайлаушылар саны – 220 761 адам.

Барлық сайлау учаскелері кеңсе тауарларымен, ақпараттық стендтермен, дауыс беру жәшіктерімен және жасырын дауыс беру кабиналарынмен қамтылған.