Семейде оқушы түскі ас кезінде көз жұмды

11 Сәуір 2023, 19:33 1011

Семейде 13 жастағы оқушы мектеп асханасында тамақтану кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, оқушы түскі ас кезінде есінен танып қалған. Оған алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген. Алайда бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бала тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған.

«Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы» негізінде қабылданды. Оған «Ақыл-ойының жеңіл кемістігі» диагнозы қойылды. Дүйсенбіден жұмаға дейін № 6 арнайы мектеп – интернатта тұрып, оқыды. Сенбі және жексенбі күндері анасы үйіне алып кететін», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

EL.KZ
Бөлісу: