Семейде LADA Granta көлігі аударылып кетті

24 Қаңтар, 23:30 860

Семейде жол бойында кетіп бара жатқан көлік аударылып, кюветке түсіп кетті. Оқиға Шығыс кентінің аумағында 24 қаңтарда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік рөлді тізгіндеген жігіттің абайсыздығынан аударылған.

Жол-көлік оқиғасы болған жерге жеткен полицейлер 30 жастағы азаматтың басып озу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай, көлік құралының аударылуына жол беріп, қозғалыс бағытына қатысты жол төсемінен оң жаққа шыққанын анықтады. Жүргізуші ішімдік ішпеген. 

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: