Семейде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

16 Қыркүйек 2023, 08:20 938

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы баспана болып саналады.

Бүгін 20 отбасыға Ұшақтар кентіндегі Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Маусым айында 37 отбасы өз қоныс тойын тойлаған болатын. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!, - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айының соңына дейін Комсомол кентінен тағы 32 көп балалы отбасы баспаналы болмақ.

Сондай-ақ Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ге жуық әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: