15.12.2022
13:27
1474
Семейде көмір беру жүйесі істен шықты

Семейде көмір беру жүйесі істен шықты

Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«15 желтоқсанда сағат 00:34-те Абай облысының Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады», - делінген ведомство хабарламасында.