Семейде көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызды қағып кетті

21 Қаңтар, 04:15 842

Семейде 20 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында Mercedes көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен қыз облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты сараптама тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін Атырау-Орал тас жолында жол апатынан Өзбекстаннан келген бір отбасының мүшелері қайтыс болғаны туралы жазғанбыз

Баян Әжмұхан
Бөлісу: