Семейде ер адам көпірден секірмек болды

30 Маусым 2023, 06:30 1079

ТЖМ мәліметінше, 29 маусым күні сағат 13:58-де «112» пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның автокөлік көпірінің аспалы құрылымында отырғаны туралы хабарлама түсті.

Құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы дереу оқиға орнына шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен соң, 1994 жылы туған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгенін анықтады. Ол төменге түсу туралы сөзге құлақ аспады, - делінген мәліметте.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті.

Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ. Психологпен сөйлескеннен кейін ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

EL.KZ
Бөлісу: