Семейде екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады

1 Тамыз, 14:38 533

Семейде екі жастағы бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Айта кетейік, биыл 102 бала ашық терезелерден құлап зардап шекті. ТЖМ баспасөз қызметі оқиға салдарынан жеті бала қайтыс болып, 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылғанын мәлімдейді.

Былтыр осындай 170 оқиға тіркелген.

ТЖМ тағы да еске салады:

-бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;

-терезелерге блокаторларды орнатыңыз;

-терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;

-москит торлары құлап кетуден сақтамайды.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: