23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСемей қаласының Бобровка және Мұрат тұрғын үй алаптары, Водный және Шығыс кенттерінің ортасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт нысандары құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Берікбол Жұманбеков қатысқан. Халық тығыз қоныстанған бұл шағын аудандарда заманауи спорттық және әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Бобровка мен Мұрат тұрғын үй алаптарында 10, Водный және Шығыс кенттерінде 25 мыңға тарта халық тұрады. Екі елді мекеннің оқушылары қаланың басқа аумақтарына барып, спортпен айналысуға мәжбүр.
Заман талабына сай жабдықталатын спорт кешендерінде футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, бокс және басқа да спорт түрлеріне арналған әмбебап залдар салынады. Спорт нысандарының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Құрылыстың басталуына орай сөз сөйлеген аймақ басшысы Семей қаласының шеткері аудандары әрдайым назарда болатынын атап өтті.
Бұл төрт елді мекен қаланың шеткері аумақтарында, батысы мен шығысында орналасқан. Көп жыл бойы назардан тыс қалған. Тұрғындар бұл күнді ұзақ күтті. Біз бүгін екі бірдей спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын бастап жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында өңірімізде жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл жерден мықты спортшылар, болашақ Барыстар шығатынына кәміл сенемін. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын жеке бақылауымда ұстаймын. Қаланың бұл шағын аудандарында алдағы уақытта әлеуметтік нысандарды салатын боламыз, - деді облыс әкімі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады