29.09.2025
06:27
520
Семейде бүгіннен бастап жылу беріледі

Семейде бүгіннен бастап жылу беріледі

Семей қаласында әкімнің қаулысына сәйкес 29 қыркүйектен бастап ресми түрде жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, жылу алдымен әлеуметтік нысандарға (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер), кейін тұрғын үйлерге, әкімшілік және өндірістік ғимараттарға беріледі.

«Теплокоммунэнерго» МКК жылу жүйесінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.